Су . Су тіршілік көзі . Сусыз тірі табиғаттың өсуі екіталай екені анық. Болашақ ұрпақ судың маңызы мен пайдасын біле отыра , оның зиянды тұстары бар екенін де білу керек деген мақсатпен , бүгінгі сабағымыз “ Су тіршілік көзі” тақырыбына арналды. Оқушылар суды зерттеу арқылы, оның өзге заттармен байланысқанда қандай күйге түсетінін білу үшін зерттеу жұмыстарын жүргізіп, постер қорғап, сабақ соңында суды үнемдеу үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап іздеді.