«Шахнияз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Үкілі үміт жекеменшік қосымша білім беру мектебі
Частная школа дополнительного образования Үкілі үміт товарищества с ограниченной ответственностью  «Шахнияз»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп

ТОО«Шахнияз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Үкілі үміт жекеменшік қосымша білім беру мектебі

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі болып табылады.

 

Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

1. Көрсетілетін қызметті алушылардың шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітусіз тең қол жеткізу қағидаты;

2. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюрократия мен әуре сарсаң көріністеріне жол бермеу қағидаты;

3. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы есептілік және ашықтық қағидаты;

4. Мемлекеттік қызметтің сапасы мен қолжетімділігі қағидаты;

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру қағидаты;

6. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік қағидаты.

ТОО «Шахнияз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Үкілі үміт жекеменшік қосымша білім беру мектебі Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы"заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.

Мемлекеттік кәсіпорын 1 Мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1. "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау"

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - қағаз түрінде.

2023 жылы – 329 қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік орган арқылы – 329 қағаз нысанда.

2023 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында ТОО«Шахнияз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Үкілі үміт жекеменшік қосымша білім беру мектебі көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

Байланыс ақпараты:

ТОО «Шахнияз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Үкілі үміт жекеменшік қосымша білім беру мектебі Шортанды кенті,Советская 18

телефон нөмірі: 87714315828 электрондық мекенжайы ukili-umit-2023@mail.ru

Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін жүзеге асырылады.

 

Директоры                                                                                       Азденбаева Р.К.

Жаңартылған күні: 06.04.2024 15:02
Құрылған күні: 06.04.2024 15:02

Текст