«Шахнияз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Үкілі үміт жекеменшік қосымша білім беру мектебі
Частная школа дополнительного образования Үкілі үміт товарищества с ограниченной ответственностью  «Шахнияз»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақындар үйірмесі мен этнотуризм үйірмесінің оқушыларымен бірге — Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне тағзым етуге бардық.

Бүгін біз — «Үкілі Үміт» қосымша білім беру мектебінің ақындар үйірмесі мен этнотуризм үйірмесінің оқушыларымен бірге — Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне тағзым етуге бардық.

Сапарымыз Ақкөл қаласындағы Нұрмағамбетов атындағы саябаққа гүл шоғын қоюмен басталды. Сонымен қатар, Ауған соғысы ардагерлеріне арналған мемориалдық тақтаға гүл қойып, ардагерлермен жүздесіп, сұрапыл соғыс жылдарынан сыр шерткен естеліктерін тыңдадық.

Кейін батырдың туған жері — Еңбек ауылына барып, жерлестері құрметіне ашылған саябаққа гүл шоғын қойып, жергілікті музейді араладық. Ауылдың мәдени өмірімен танысып, ерекше әсермен оралдық.

Сағадат Нұрмағамбетов — ел қорғаны болған ержүрек тұлға. Оның өмір жолы – жас ұрпаққа үлгі, елге мұра.

      


Текст